Қош келдiңiздер!
Бiз, Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданының жер қатынастары бөлiмi сайтында Сiздермен қауышқанымызға қуаныштымыз.
Әр бiр мемлекеттiң тағдырында жердiң рольi өте негiздi. Елдiң экономикалық және саясат жағдайы, жердiң қандай болу тұрғыдан, оның қойнауының бай ресурстары қалайша тиiмдi пайдалану мен жер қорғауына қандай маңызды назар аудару тұрғыдан тәуелдi болады. Ертеде бiздiң бабаларымыз «Жерсiз Ел жетiм, Елсiз Ер жетiм» деп айтатын.
Бiз, қатынас барысында, қазiргi қоғамды дамыту секiлдi ажыратылмайтын ережедей-өзiне тән диалог құра аламыз деп сенемiз.
Бiздiң сайтқа қош келдiңiздер! Бiз, Сiздермен қатынас жасау үшiн қуанышты да ашықпыз.Сiздердiң әр қайсыларыңыз, бiздiң идара құзыретке енетiн көптеген сұрақтарға жауап алаласыздар.
Құрметпен,
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің
жер қатынастары бөлімі» КММ-нiң басшысы
Сопаяқов Ермек Ғалымжанович
Пресс — релиз
Құрметті салық төлеушілер!
Мемлекеттік кірістер комитеті ағымдағы жылдың 16-қазанынан бастап Комитеттің Байланыс-орталығы арқылы салық төлеушілерге кеңес беруді бейне байланысы негізінде көрсетудің пилоттық жобасын іске қосты.
Жобаның мақсаты — арнайы Qr-код басу арқылы немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz порталындағы https://kgd.qosyl.kz/ «Бейнеқоңырау» сілтемесі арқылы немесе Telegram — да Salyqbot-та арқылы түскен қоңырауларды қабылдап, осы бойынша салық төлеушілерге неғұрлым ыңғайлы және жылдам форматта консультациялық қызметтер көрсету.
Пайдаланушы әлемнің кез — келген нүктесінен тегін бейне қоңырау шала алады (интернетке қол жетімді ұялы телефонның немесе компьютердің болуы жеткілікті).
Сервис абоненттерге бейнеконсультация барысында мәтіндік хабарламалар мен қажетті сілтемелер жіберуге мүмкіндік береді.
Біз сіздің салық міндеттемелеріңізді орындау процесін қарапайым, ыңғайлы және қол жетімді етуге тырысамыз.
Байланыс орталығының жұмыс кестесі: жұмыс күндері (дүйсенбі — жұма), сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Хабарландыру
«СҚО Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ 2022 жылғы 4 наурызда сағат 10-нан 11-ге дейін жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша интернет-конференция өткізеді.
Сізді қызықтыратын сұрақтар бойынша жауап алу үшін түсініктемеге (сұраққа) жаза аласыз.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 наурыздағы №113 қаулысын бекітуге байланысты, Сізге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы 2021 жылдың мамыр айы мен қазан айы аралығында аудандар аумағында (қосымша берілген селолық округтер тізіміне сәйкес) Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен топырақтық және геоботаникалық зерттеулер бойынша, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің бонитет баллдарын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды.
Жоғарыда мазмұндалған негізінде, Сізден осы ақпаратты жер пайдаланушыларға (шаруа (фермер) қожалықтары және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына) және селолық округтердің әкімдіктеріне жеткізуіңізді сұраймыз.
Список сельских округов на выполнение работ по подпрограмме 100 "Формирование сведений государственного земельного кадастра" программы 259 "Повышение доступности информации о земельных ресусах" филиала некоммерческого акционерного общества «Государственная корпорация «Правительство для граждан» по Северо-Казахстанской области согласно договора №2 от 30 января 2021 г. |
||||
Наименование работ в разрезе районов и сельских округов | Ед. изм. | Объем по договору | ||
Почвенное обследование | ||||
Аккайынский район | ||||
1 | Аралагашский с/о, учетн. квартал 15-229-036 | 30,3 | ||
2 | Ивановский с/о, учетн. квартал 15-229-029 | 33,7 |
Аққайың ауданы мәслихатының шешім жобасы Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 20-1 «Жер салығының мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі-Кодекс) 510-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының «Жер салығының мөлшерлемелері туралы» 2018 жылғы 31 мамырдағы № 20-1 шешіміне (2018 жылғы 18 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау электрондық түрдегі банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4757 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағында «504» саны алып тасталсын;
1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
1-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«2) елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер;».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы
мәслихатының II сессиясының төрағасы _________ В. Заика
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы
мәслихатының хатшысы ________ Е. Жәкенов
«Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 20-1 «Жер салығының мөлшерлемелерi туралы» шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы » Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының шешiм жобасы бойынша
пресс-релиз
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) (бұдан әрi — Кодекс) 509-бабының 5-тармағына, 510-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi «Құқықтық актiлер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының шешiм жобасы әзiрленген.
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығын iске асыруына бағытталған мәслихат шешiмiнiң жобасы.
Шешiмнiң жобасын әзiрлеу мақсаты — қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтiру.
Жер қатынастар Е. Сопаяков
бөлiмiнiң басшысы
Коронавирусты инфекцияның алдын алу бойынша шаралар жүргiзу кезiндегi еңбек қызметiнiң ерекшелiктерi
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк дәрiгерiнiң 2020 жылғы 12 наурыздағы №19 бұйрығына сәйкес үйде карантин кезеңiнде қызметкерлерге медициналық ұйымдарға бармай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздық парағы рәсiмделедi.
Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөнiндегi шаралар шеңберiнде жеке ұйымдардың қызметi шектелген.
Мұндай жағдайда, еңбек заңнамасында жұмысшылардың еңбек қызметiн жүзеге асырудың әртүрлi тетiктерi қарастырылған, соның iшiнде толық емес жұмыс уақыты режимiн белгiлеу, қашықтықтан жұмыс жасау, басқа жұмысқа уақытша ауыстыру және т.б.
Мысалы, тараптардың келiсiм бойынша және өндiрiстiк процесс мүмкiндiк берсе, карантин кезеңiнде жұмыс берушi қашықтан орындалатын жұмыс белгiлеуi мүмкiн.
Бұл ретте жұмыс жағдайлары, жұмыс уақытын есепке алу, шығыстар мен еңбекақы тараптардың келiсiмi бойынша (жұмыс берушiнiң актiсiнде және еңбек шартында) белгiленедi, ал жалақы жұмыскердiң нақты жұмыс iстеген уақытына төленедi.
Бұл шараларды қолдану мүмкiн болмаған жағдайда, жұмыс берушi жұмыскер үшiн тоқтап тұру жағдайын жариялайды.
Еңбек Кодексiнiң 112-бабына сәйкес жұмыс берушiге және жұмыскерге байланысты емес себептер бойынша бос тұрып қалу уақытын ресiмдеу тәртiбi және бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу талаптары еңбек, ұжымдық шарттарда айқындалады және жалақының ең төмен мөлшерiнен (42 500 теңге) кем болмайтын мөлшерде белгiленедi.
Егер еңбек шартында, ұжымдық шартта қарастырылған болса, бос тұрып қалу уақытындағы жалақы ең төменгi жалақыдан жоғары болуы мүмкiн.
Ата-анасының бiреуiне ақылы еңбек демалысын беру туралы. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң 93-бабына сәйкес кезектi еңбек демалысы демалыс кестесiне сәйкес немесе кестеден тыс қажет болған жағдайда тараптардың келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.
Осыған байланысты жұмыс берушiлер балалармен қалуға мәжбүр болған ата-аналардың бiреуiне жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын бередi.
Президенттік жастар кадрлық резерві — https://pkrezerv.kz
Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынама (ZIP 29 Kb)